Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының «Еркетай» №5 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына


Балалар мен олардың ата-аналарына арналған Сенім телефондары:
111 (Республикалық сенім телефоны),
903152 (Ақмола облысы бойынша білім басқармасының сенім телефоны),),
8(71645)-6-35-14 (Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі);
8(71645)7-90-56 ("№5 «Еркетай» балабақшасы МКҚК)

Ұйымдар тізімі
Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп білімінің сабақтастық жоспарына сәйкес "Еркетай "№5 балабақшасы" МКҚК-да "Баланың мектепке дайындығын қалыптастыру" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Іс-шараға "Ю.А. Гагарин атындағы №7 жалпы білім беретін мектеп" КММ және "Ш. Уәлиханов атындағы №8 жалпы білім беретін мектеп"КММ бастауыш сынып мұғалімдері мен педагог-психологтары қатысты.Балабақшаның мектепалды топтарының тәрбиешілері Прокофьева Н.В., Жижкина Н.А., Давлетова Д.А., сондай-ақ педагог-психолог Айтмағамбетова З.М. тәрбиеленушілердің мектепке дайындығын қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.Дөңгелек үстел барысында балабақша жұмысының балалардың мектепте оқуға сәтті бейімделуін қамтамасыз етудегі және баланың одан әрі білім беру жолына берік негіз құрудағы маңызды рөлі мен маңыздылығы атап өтілді. (23.01.2026)


Балабақшаның мектеппен сабақтастық жоспары аясында №1 Мектепалды тобында "Мектеп портфелін жина" дидактикалық ойыны ұйымдастырылды.
Мұндай ойындар балалардың мектеп туралы білімдерін кеңейтуге, мектеп құралдары туралы идеяларды қалыптастыруға және дұрыс таңдау жасай білуге ықпал етеді. Ойын қызықты әрі танымды өтті. Тәрбиешілер: Прокофьева Н.В., Ильина В. И. (15.01.2026)
№7 "Балапан" Мектепалды тобында балабақша мен мектептің сабақтастық жоспары бойынша "Мектеп" сюжеттік-рөлдік ойыны ұйымдастырылды. Тәрбиешілер: Давлетова Д. А., Тажибаева Э. П.
Мектептің сабақтастық жоспары аясында √7 мектепалды даярлық тобының балалары мектеп бойынша экскурсияға шықты. Оқушылар мектеп туралы көп мағлұмат алды, кітапхана мен оқу кабинеттерін аралады, интерактивті тақтаны қолданып көрді. Тәрбиеші: Жиенбаева Ш.К.(07.11.2025)
Балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастық жоспарына сәйкес √4 "Қызғалдақ" тобының балалары √7 мектептің бастауыш сынып мұғалімімен кездесті. Балалар мектеп туралы білімдерін, санау дағдыларын, графикалық дағдыларын, сондай-ақ: бастамашылдық, белсенділік, ізденімпаздық, ұйымшылдық көрсетті.
Балабақша мен мектеп арасындағы сабақтастық жоспарына сәйкес №9 «Пчёлка» тобының балалары №8 мектептің бастауыш сынып мұғалімдерімен кездесті. Балалар мектеп туралы білімдерін, санау дағдыларын, графикалық дағдыларын, сондай-ақ : бастамашылдық, белсенділік, ізденімпаздық, көпшілдік көрсетті.




Менің болашақ мектебім» суреттер мен қолөңер көрмесі. «Аралар» мектепалды тобы. Тәрбиеші Альжанова Г. А..





√4 "Қызғалдақ" мектеп алды тобы, "Менің болашақтағы мектебім":



Дидактикалық ойын «Портфель жина» (1). Дидактикалық ойын «Портфель жина» (2). «Аралар» мектепалды тобы. Тәрбиеші Альжанова Г. А.
√4 "Қызғалдақ" мектеп алды тобында "Сөмкеге жина" дидактикалық ойыны өткізілді. Тәрбиеші: Жиенбаева Ш.К.







√4 "Қызғалдақ" мектеп алды тобында "Мектеп" тақырыбында әңгіме өткізілді.




мекен-жайы: Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 6 шағын аудан, 5 ғимарат
байланыс телефоны: 7-45-77 (меңгерушісі), 7-44-58 (медбике)

