"Баланың мектепке дайындығын қалыптастыру"

23.01.2026

Мектепке дейінгі және бастауыш мектеп білімінің сабақтастық жоспарына сәйкес "Еркетай "№5 балабақшасы" МКҚК-да "Баланың мектепке дайындығын қалыптастыру" атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шараға "Ю.А. Гагарин атындағы №7 жалпы білім беретін мектеп" КММ және "Ш. Уәлиханов атындағы №8 жалпы білім беретін мектеп"КММ бастауыш сынып мұғалімдері мен педагог-психологтары қатысты.
Балабақшаның мектепалды топтарының тәрбиешілері Прокофьева Н.В., Жижкина Н.А., Давлетова Д.А., сондай-ақ педагог-психолог Айтмағамбетова З.М. тәрбиеленушілердің мектепке дайындығын қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.
Дөңгелек үстел барысында балабақша жұмысының балалардың мектепте оқуға сәтті бейімделуін қамтамасыз етудегі және баланың одан әрі білім беру жолына берік негіз құрудағы маңызды рөлі мен маңыздылығы атап өтілді.

Просмотров: 730


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

                 мекен-жайы: Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 6 шағын аудан, 5 ғимарат

                 байланыс телефоны: 7-45-77 (меңгерушісі),  7-44-58 (медбике)

 

 

Текст