буллинг
13.03.2026
Балабақшада тәрбиешілермен балалар ұжымындағы буллингтің алдын алу тақырыбында психологиялық кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты – педагогтердің буллингтің белгілері, оның себептері және балалар арасындағы жанжал жағдайларын алдын алу жолдары туралы білімдерін арттыру болды.
Сондай-ақ педагогтер буллингтің алдын алу тәсілдерін қарастырды:
• балаларда достық пен өзара көмек дағдыларын қалыптастыру;
• бір-біріне құрметпен қарау және эмпатияны дамыту;
• топта қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыру;
• балалар ұжымын біріктіруге бағытталған ойындар мен іс-шаралар өткізу.
Педагог-психолог: Айтмагамбетова З.М.

