Балаларды терезеден құлап кетуден қорғауға көмектесетін қауіпсіздік ережелері
01.04.2026
Балаларды терезеден құлап кетуден қорғауға көмектесетін қауіпсіздік ережелері:
•Баланы ашық терезесі бар бөлмеде қараусыз қалдырмаңыз, тіпті терезеде масаға қарсы тор болса да.
•Баланың терезені өздігінен ашуына жол бермейтін арнайы бекіткіштер мен құлыптар орнатыңыз.
•Бала терезе алдына шығып кетпеуі үшін жиһазды терезеден алысырақ орналастырыңыз.
•Есіңізде болсын: масаға қарсы тор құлаудан қорғамайды! Ол баланың салмағына төтеп беруге арналмаған.
•Балаларға терезе жанында ойнаудың қауіпті екенін үнемі түсіндіріп


Топтарда балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу мақсатында әңгіме өткізілді. Іс-шара барысында тәрбиеленушілер үйдегі қауіпсіздік ережелерімен танысып, ашық терезеге жақындауға және москит торына сүйенуге болмайтынын білді.
Балаларға сақтық шараларын сақтау және ересектердің айтқанын тыңдаудың маңыздылығы ерекше түсіндірілді. Мұндай әңгімелер балалардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастырып, өз өмірі мен денсаулығына жауапкершілікпен қарауға үйретеді.



№9 топта ата-аналармен балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу бойынша жұмыс ұйымдастырылды. Балалардың тұрмыстағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге, ересектер тарапынан бақылаудың маңыздылығына, сондай-ақ үйде қауіпсіз ортаны қалыптастыруға ерекше назар аударылды.Тәрбиеші: Дерендяева И. В.
№4 топта ата-аналармен балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу бойынша жұмыс ұйымдастырылды. Балалардың тұрмыстағы қауіпсіздік ережелерін түсіндіруге, ересектер тарапынан бақылаудың маңыздылығына, сондай-ақ үйде қауіпсіз ортаны қалыптастыруға ерекше назар аударылды.Тәрбиеші: Тажибаева Э.П.






