«Үшкір ой алаңы» дебаты
01.04.2026
«Адал азамат» бағдарламасын іске асыру аясында №6 топта «Үшкір ой алаңы» жобасы шеңберінде «Қай үй жануары жақсы: ит пе, әлде мысық па?» тақырыбында дебат ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілер өз ойларын белсенді түрде білдіріп, пікірлерін дәлелдеуге және өзгенің көзқарасын құрметтеуге үйренді. Сондай-ақ іс-шара барысында «Күшік» тақырыбында мүсіндеу жұмысы өткізілді. Балалар қызығушылықпен және қиялдарын пайдалана отырып, өз жұмыстарын жасады. Тәрбиеші: Корчагина О. С.

