«Ұшқыр ой алаңы»
06.04.2026
"Адал азамат" бағдарламасын іске асыру аясында №3 топта "Ұшқыр ой алаңы" жобасы шеңберінде "Қай жеміс жақсы: алма ма, әлде банан ба?" тақырыбында пікірсайыс ұйымдастырылды. Тәрбиеленушілер өз ойларын белсенді түрде білдіріп, пікірлерін дәлелдеуге және өзгенің көзқарасын құрметтеуге үйренді. Сондай-ақ іс-шара барысында екі топқа бөлініп "Алма" және "Банан" тақырыбында жапсыру жұмысын жасады. Балалар қызығушылықпен өз жұмыстарын жасады. Тәрбиеші: Жиенбаева Ш.К.

