«Менің алғашқы ұстазым»

07.04.2026

Мектеппен сабақтастық жоспары аясында №1 мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілерімен «Менің алғашқы ұстазым» атты таныстыру әңгімесі ұйымдастырылды. Іс-шараға №8 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Душкина Екатерина Алексеевна шақырылды. Балалар мектепке қалай дайындалып жатқанын айтып берді, өздерінің жұмыс дәптерлерін көрсетті және мұғаліммен бірге қызықты тапсырмаларды орындады.
Бұл іс-шара балалардың мектепке деген қызығушылығын қалыптастыруға, танымдық белсенділігін дамытуға және өзіне деген сенімділігін арттыруға ықпал етті. (04.2026)

Мектеппен сабақтастық жоспары аясында №8 топтың тәрбиеленушілерімен «Менің алғашқы ұстазым» атты таныстыру әңгімесі ұйымдастырылды. Іс-шараға №8 мектептің бастауыш сынып мұғалімі Жигулина Татьяна Дмитриевна шақырылды. Балалар мектеп туралы көптеген мағлұмат алып, математикалық тапсырмаларды орындап, қимылды танымдық ойындарға қатысты.
Бұл іс-шара балалардың оқуға деген оң мотивациясын қалыптастыруға, танымдық қызығушылығын дамытуға және болашақ мектепке дайындығын арттыруға ықпал етті.

Просмотров: 304


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

                 мекен-жайы: Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 6 шағын аудан, 5 ғимарат

                 байланыс телефоны: 7-45-77 (меңгерушісі),  7-44-58 (медбике)

 

 

Текст