Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының «Еркетай» №5 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына


Балалар мен олардың ата-аналарына арналған Сенім телефондары:
111 (Республикалық сенім телефоны),
903152 (Ақмола облысы бойынша білім басқармасының сенім телефоны),),
8(71645)-6-35-14 (Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі);
8(71645)7-90-56 ("№5 «Еркетай» балабақшасы МКҚК)

Ұйымдар тізімі
08.04.2026
«Тілге бойлау» бағдарламасын іске асыру аясында №1, №8 мектепалды топтарында және №10 ересек топта дене шынықтыру сабақтары тілдік дамумен кіріктіре отырып жүргізілуде. Сабақ барысында балалар тек дене жаттығуларын орындап қана қоймай, ойын тапсырмалары, командалар және қимылды ойындар арқылы мемлекеттік тілде сөздік қорларын байытып, сөздер мен сөз тіркестерін бекітеді.
Мұндай жұмыс түрі сөйлеу тілін дамытуға, тілді түсіну деңгейін арттыруға, сондай-ақ мемлекеттік тілді табиғи әрі қызықты ортада меңгеруге деген қызығушылықты қалыптастыруға ықпал етеді.Дене белсенділігі мен тілдік тәжірибені ұштастыру оқу үдерісін тиімді, қызықты әрі балаларға қолжетімді етеді.Дене шынықтыру нұсқаушысы: Сапегина С. В.
Тілге бойлау» бағдарламасын іске асыру аясында мектепалды топта музыкалық ұйымдастырылған оқу қызметінде «Көбелек» ойынын үйрету жүргізілді.Ойын барысында балалар музыкалық есту қабілетін, зейінін, қимыл үйлесімділігін дамытты, сондай-ақ ұжымда өзара әрекеттесу дағдыларын бекітті. Сонымен қатар ойын түрінде мемлекеттік тілдегі сөздер мен сөз тіркестерін меңгеруге және бекітуге ерекше көңіл бөлінді.Музыкалық жетекші: Галковская О. В.
«Тілге бойлау» бағдарламасын іске асыру аясында №8 мектепалды тобында «Артық не?» ойыны ұйымдастырылды.Ойын барысында балалар зейінін, логикалық ойлауын және талдау қабілетін дамытты, сондай-ақ ойын түрінде мемлекеттік тілдегі сөздік қорын бекітіп, кеңейтті. Қазақ тілі мұғалімі: Ботаева М. А.(08.04.2026)
мекен-жайы: Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 6 шағын аудан, 5 ғимарат
байланыс телефоны: 7-45-77 (меңгерушісі), 7-44-58 (медбике)

