Космонавтика күні
12.04.2026
Ғарышкерлер күніне орай біздің балабақшада суреттер көрмесі ұйымдастырылды.Тәрбиеленушілер ғарышқа, планеталарға, жұлдыздарға және ғарыштық саяхаттарға арналған өз шығармашылық жұмыстарын үлкен қызығушылықпен ұсынды. Көрме балалардың қиялын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға және қоршаған әлемді тануға деген қызығушылығын арттыруға жақсы мүмкіндік болды.
Ғарышкерлер күніне орай №10 топтың арманшыл балалары шынайы шығармашылық саяхатқа аттанды!Балалар ғарыш тақырыбында қызыға қиялдап, өздерінің ерекше ғарышкер костюмдерін жасады.Ата-аналарымен бірге олар қызықты әрі әсерлі «ғарыштық» саяхатқа шықты.Шығармашылық арқылы балалар ғарыш әлемімен танысып қана қоймай, қиялын, креативтілігін және танымдық қызығушылығын дамытады.Іс-шара барысында ғарышты алғаш бағындырған адам — Юрий Гагариннің ерлігіне ерекше назар аударылды. Осындай іс-шаралар балалардың ғылымға, тарихқа және адамзаттың ұлы жетістіктеріне деген қызығушылығын арттырады.Тәрбиешілер: Иманова А.Н., Соловьева И.Н.
№7 топта Ғарышкерлер күніне орай шығармашылық іс-шара ұйымдастырылды. Балалар жарқын әрі қызықты суреттер дайындап, ғарыш, зымырандар, ғаламшарлар және Ғалам туралы өз білімдерімен бөлісті.Балалар ғарыш кеңістігі туралы қызыға әңгімелеп, өздерінің танымдық қызығушылықтары мен қиялдарын көрсетті.Тәрбиеші: Давлетова Д. А.

