мектеппен синхрондау
16.04.2026
Мектепке дейінгі ұйым мен мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету мақсатында №7 мектепалды даярлық тобының тәрбиеленушілерімен «Ю. А. Гагарин атындағы №7 ЖОББМ» КММ бастауыш сынып мұғалімдері — Хуаныш Гульзада және Кушкумбаева С. М. кездесу өткізді.Кездесудің мақсаты — болашақ бірінші сынып оқушыларын мектеп ортасымен таныстыру, оқуға деген жағымды көзқарас қалыптастыру және балалардың мектепке бейімделуін жеңілдету.Кездесу барысында мұғалімдер балалармен танысып, мектеп, оқу үдерісі және тәртіп ережелері туралы айтып өтті. Балалар үшін мектепке дайындыққа бағытталған танымдық және дамытушы ойындар ұйымдастырылды. Ойындар балалардың зейінін, ойлау қабілетін және қарым-қатынас дағдыларын дамытуға ықпал етті.Іс-шара жылы және достық атмосферада өтті. Балалар белсенділік танытып, қызығушылық білдіріп, мұғалімдермен қарым-қатынастан жағымды әсер алды.Тәрбиеші: Давлетова Д. А.


