«Таза Қазақстан»
21.04.2026
«Заң және тәртіп» идеологемасы аясында біздің балабақшада «Таза Қазақстан» акциясы жалғасуда.
Балабақша қызметкерлері аумақты абаттандыру жұмыстарына қатысып, учаскелерді ретке келтіріп, тазалықты сақтап, балалар үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруда. Мұндай іс-шаралар тазалық мәдениеті мен жауапкершілікті қалыптастыруға ықпал етеді.
Баршаңызды қоршаған ортаға ұқыпты қарап, тазалықты сақтауға шақырамыз!



