«Әр ойыншықтың өз орны бар»
21.04.2026
«Заң және тәртіп» идеологемасын ілгерілету мақсатында №10 топта «Әр ойыншықтың өз орны бар» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара барысында балалардың жауапкершілік, ұқыптылық және тәртіп сақтау дағдылары қалыптастырылды. Балалар ойыншықтарға ұқыпты қарауды, өздігінен тәртіп орнатуды және тазалықтың маңыздылығын түсінуді үйренді. Мұндай іс-шаралар балаларды тәртіпке тәрбиелеп, ерте жастан ұқыптылыққа баулиды. Тәрбиешілер: Иманова А. Н., Соловьева И. Н.
№7 топ
«Заң және тәртіп» идеологемасын насихаттау аясында №6 топ тәрбиеленушілері кір жуатын орынға экскурсияға барды. Экскурсия барысында балалар қызметкерлердің жұмысымен танысып, тазалық пен тәртіптің, сондай-ақ еңбектің күнделікті өмірдегі маңыздылығы туралы білді. Тәрбиеші: Корчагина О. С.




