Аутизм туралы хабардар болу айы
23.04.2026
Аутизм туралы ақпараттандыру айлығы аясында тәрбиеші мен педагог-психолог ересек топ балаларына арналған сабақ өткізді.
Балалармен мейірімділік, достық және әр адамның жеке ерекшеліктерін қабылдау тақырыбында әңгіме жүргізілді. Ойын түрінде балалар барлық адамдардың әртүрлі екенін және бұл біздің әлемді қызықты ететінін түсінді.Сондай-ақ балалар шығармашылық тапсырма орындап, достық пен бір-біріне деген мейірімді қарым-қатынас тақырыбында суреттерді бояды 💙Өткізілген сабақ балалардың эмпатиясын, құрметін және айналасындағыларға деген мейірімді көзқарасын дамытуға ықпал етті.Педагог-психолог: Айтмагамбетова З.М., Тәрбиеші: Альжанова Г.А.

