мәслихат депутатымен кездесу
05.05.2026
Барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының халық алдындағы есеп беру кездесулері аясында біздің балабақшада мәслихат депутаты Аветисян Арсен Маисовичпен кездесу өтті.
Кездесу барысында қалалық мәслихаттың атқарған жұмысы туралы есеп ұсынылды. Қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдіріп, өзекті мәселелер бойынша кеңес алу мүмкіндігіне ие болды.
Кездесу сындарлы жағдайда өтіп, ашық диалог орнатуға және билік өкілдері мен білім беру саласы арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ықпал етті.


