Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының «Еркетай» №5 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына


Балалар мен олардың ата-аналарына арналған Сенім телефондары:
111 (Республикалық сенім телефоны),
903152 (Ақмола облысы бойынша білім басқармасының сенім телефоны),),
8(71645)-6-35-14 (Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі);
8(71645)7-90-56 ("№5 «Еркетай» балабақшасы МКҚК)

Ұйымдар тізімі
15.05.2026
«Заң және тәртіп» идеологиясын насихаттау аясында №10 топта «Адамдарға көмектесетін мамандықтар» тақырыбында балабақша медбикесімен кездесу ұйымдастырылды. Балалар медицина қызметкерінің маңызды әрі қажетті мамандығымен танысып, адамдардың денсаулығына қамқорлық жасау, тазалық сақтау және алғашқы көмек көрсету туралы білді. Кездесу қызықты әрі танымдық түрде өтіп, балалар қызығушылықпен тыңдап, сұрақтар қойды. Тәрбиеші: Соловьева И. Н., Медбике: Матенова Н. Т.
«Заң және тәртіп» идеологиясын насихаттау аясында №5 «Бәйшешек» ересек тобында «Адамдарға көмектесетін мамандықтар» тақырыбында «Архитектор–құрылысшы» сюжеттік-рөлдік ойыны ұйымдастырылды.Ойын барысында балалар құрылысшы мен сәулетшінің еңбегімен танысып, бірлесіп жұмыс істеудің маңызын түсінді. Тәрбиешілер: Альжанова Г.А., Бахытбол Б.
«Заң және тәртіп» идеологиясын насихаттау аясында №1 топ тәрбиеленушілері кітапханаға барып, кітаптардың таңғажайып әлемімен және кітапханашы мамандығымен танысты.Балалар кітапхананың қалай жұмыс істейтінін, қажетті кітаптарды табуға кім көмектесетінін және әдебиетке ұқыпты қараудың маңыздылығын білді. Экскурсия балаларға көптеген жағымды эмоциялар, жаңа әсерлер мен пайдалы білім сыйлады. Балалар уақыттарын көңілді әрі пайдалы өткізді!Тәрбиешілер: Ильина В. И., Прокофьева Н. В.
«Заң және тәртіп» идеологиясын насихаттау аясында №4 «Қызғалдақ» кіші тобында «Адамдарға көмектесетін мамандықтар» тақырыбында сюжеттік-рөлдік ойыны ұйымдастырылды.Ойын барысында балалар құрылысшы , аспаз, дәрігер мен шаштараз еңбегімен танысып, бірлесіп жұмыс істеудің маңызын түсінді. Тәрбиешілері: Тажибаева Э.П., Кичайкина М.О.


"Заң және тәртіп" идеологиясын насихаттау аясында №3 "Жұлдыз" тобында "Адамдарға көмектесетін мамандықтар" тақырыбында бірнеше мамандықтар бойынша сюжеттік-рөлдік ойыны ұйымдастырылды. Ойын барасында балалар бірнеше мамандықтардың еңбегімен танысып, бірлесіп жұмыс істеудің маңызын түсінді!Тәрбиеші: Жиенбаева Ш.К.
«Заң және тәртіп» идеологиясын насихаттау аясында №8 топта тәрбиеленуші Шайкенов Алишердің анасы — жедел жәрдем қызметкері Анар Теміртасовнамен кездесу өтті. Балалар медицина қызметкерінің маңызды әрі жауапты мамандығымен танысып, дәрігерлер мен фельдшерлердің адамдарға қалай көмектесетінін және көмекке дер кезінде жетудің маңызын білді. Кездесу қызықты әрі танымдық түрде өтті.Тәрбиешілер: Дерендяева И. В., Жижкина Н. А.
Балалар өздерінің болашақ мамандығына алғашқы қадамдарын ерте жастан бастайды. Дәл осы кезде олар дәрігер, аспаз, сатушы, жүргізуші мамандықтарын, яғни айналасынан көрген мамандықтарды зерттей бастайды. Ойын арқылы балалар ересектердің кәсіптері туралы білімдерін кеңейтеді, мамандықтың адам өміріндегі маңызын түсінеді, әр түрлі мамандық иелерінің еңбегіне құрметпен қарайды.Тәрбиеші: Н.В.Леглер, №9 топ
«Заң және тәртіп» идеологиясын насихаттау аясында №4 «Қызғалдақ» кіші тобында «Адамдарға көмектесетін мамандықтар» тақырыбында сюжеттік-рөлдік ойындар ұйымдастырылды.
Ойын барысында балалар құрылысшы, аспаз, дәрігер және шаштараз мамандықтарының еңбегімен танысып, бірлесіп жұмыс істеудің маңызын түсінді.Тәрбиешілер: Тажибаева Э.П., Кичайкина М.О.

мекен-жайы: Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 6 шағын аудан, 5 ғимарат
байланыс телефоны: 7-45-77 (меңгерушісі), 7-44-58 (медбике)

