Akmola Qorgau Kids
19.05.2026
Ақмола облысының Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы жаңа Telegram-чат — Akmola Qorgau Kids ашты.
Аталған чатта сіз балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға қатысты барлық мәселелер бойынша хабарласа аласыз.
Егер сіз: ▪️ бала құқықтарының бұзылуына куә болсаңыз; ▪️ балаларға қатысты жасалған құқықбұзушылықтар туралы ақпаратыңыз болса; ▪️ зорлық-зомбылық, буллинг немесе қатыгездік көрсету фактілеріне тап болсаңыз; ▪️ құқыққа қарсы әрекеттердің құрбаны болсаңыз,
көмек алу және жедел әрекет ету үшін чатқа дереу хабарласуларыңызды сұраймыз.
Ағымдағы жылдың 25 мамырына дейін Telegram-чат сілтемесін халық арасында, ата-аналар мен балаларға барынша таратып, репост жасауға шақырамыз.
Бірге біз әрбір баланың қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз ете аламыз!
https://t.me/+trcvBiwZOow2ZGEy

