Балалардың қауіпсіздігі – біздің ортақ міңдетіміз
21.05.2026
Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Кодексіне, «Білім туралы», «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» заңдарына сәйкес ата-аналар балаларды тәрбиелеуге, олардың денсаулығы мен біліміне жауапты, олардың дамуы үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етуге, құқықтарын қорғауға, өмір сүруі мен оқуы үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасауға міндетті.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы №372 «Білім беру қызметтерін алушылар бойынша ваучерлік қаржыландыруды ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру жөніндегі пилоттық жобаның кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен бекітілген мектепке дейінгі ұйымдарға білім беру қызметтерін көрсету жөніндегі үлгілік шарттың 2.3-тармағының 3) тармақшасына сәйкес ата-ана немесе баланың заңды өкілі баланы топ тәрбиешісіне жеке тапсыруға және алып кетуге міндеттенеді.


