Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының «Еркетай» №5 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына


Балалар мен олардың ата-аналарына арналған Сенім телефондары:
111 (Республикалық сенім телефоны),
903152 (Ақмола облысы бойынша білім басқармасының сенім телефоны),),
8(71645)-6-35-14 (Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі);
8(71645)7-90-56 ("№5 «Еркетай» балабақшасы МКҚК)

Ұйымдар тізімі
01.06.2026
Біздің балабақшадағы таң мерекелік көңіл-күймен басталды! Балаларды ертегі кейіпкерлері қарсы алып, көңілді флешмоб баршаға көтеріңкі көңіл-күй мен қуаныш сыйлады.
Әр баланың балалық шағы бақытты, жарқын әрі алаңсыз болсын! Мерекелеріңізбен!

Балабақшамызда балаларға арналған «Клоун Фантик және достары» атты көңілді ойын-сауық іс-шарасы ұйымдастырылды. Мереке балаларға көтеріңкі көңіл-күй, қуаныш пен шаттық сыйлады. Тәрбиеленушілер ертегі кейіпкерлерімен бірге түрлі ойындарға, жарыстарға және көңілді эстафеталарға белсене қатысты. Іс-шара достық пен мерекелік көңіл-күй атмосферасында өтіп, балалардың есінде жарқын әсер қалдырды.
Дене шынықтыру нұсқаушысы: Сапегина С. В.

"Дымбілместің қызықты ойындары"
Бүгін балабақшамызда күлкі мен ойынға толы мереке өтті!
Балаларымыз ережені білмей-ақ ойнады, ұтылды, жеңді...
Ең бастысы - көңілді болды!
Балалардың жарқыраған көзі мен күлкісі - біздің ең үлкен сыйлығымыз.
Музыка жетекшісі: Хагазбек М.
Балабақшамыздың қызметкерлері Балаларды қорғаудың халықаралық күніне арналған қалалық іс-шараларға белсене қатысты.Бұл күн жарқын эмоцияларға, шаттыққа және мерекелік көңіл күйге толы болды. Біз әрбір балаға бақытты әрі қауіпсіз балалық шақ сыйлауға бағытталған игі бастамалардың бір бөлігі болғанымызға қуаныштымыз.Балаларға көтеріңкі көңіл күй мен қуаныш сыйлағаны үшін іс-шара ұйымдастырушыларына алғысымызды білдіреміз!
мекен-жайы: Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 6 шағын аудан, 5 ғимарат
байланыс телефоны: 7-45-77 (меңгерушісі), 7-44-58 (медбике)

