«Таза Қазақстан»
09.06.2026
«Таза Қазақстан» акциясы аясында балабақша қызметкерлері мекеме аумағындағы гүлзарларды көріктендіру жұмыстарын жүргізді.
Бірлескен еңбектің арқасында балабақша аумағы бұрынғыдан да көрікті, таза әрі жайлы бола түсті. Құлпырған гүлдер айналаға сән беріп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.
Тазалық, тәртіп және қоршаған ортаны абаттандыру – жайлы әрі қолайлы орта қалыптастыруға қосылған маңызды үлес.
«Таза Қазақстан» – бірге көркем де таза орта қалыптастырайық!»



