«Киберқауіпсіздік кіші жастан: гаджеттер және балалар»
16.06.2026
АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА
«Киберқауіпсіздік кіші жастан: гаджеттер және балалар»
Құрметті ата-аналар!
Қазіргі балалар телефондармен, планшеттермен және интернетпен ерте жастан танысады. Гаджеттерді пайдалану қауіпсіз болуы үшін қарапайым ережелерді сақтау маңызды:

✅ Баланың жас ерекшелігіне сәйкес гаджеттерді пайдалану уақытын шектеңіз.
✅ Тек балаларға арналған және қауіпсіз контентті таңдаңыз.
✅ Балаға қосымшалар мен ойындарды өздігінен жүктеуге рұқсат бермеңіз.
✅ Бейтаныс адамдарға өзінің аты-жөнін, мекенжайын, телефон нөмірін және басқа да жеке мәліметтерін айтуға болмайтынын түсіндіріңіз.
✅ Құрылғыларда ата-аналық бақылауды қолданыңыз.
✅ Балаңыздың қандай сайттарды қарап, қандай бейнероликтер көретінін қадағалаңыз.
✅ Кішкентай балаларды интернетпен жалғыз қалдырмаңыз.
✅ Гаджеттерді орынды пайдалануда өзіңіз үлгі болыңыз.
✅ Баламен бірге көбірек уақыт өткізіңіз: ойнаңыз, кітап оқыңыз, таза ауада серуендеңіз.
Есте сақтаңыз: баланың цифрлық әлемдегі қауіпсіздігі ересектердің назарынан және қамқорлығынан басталады!
🌐👨👩👧👦 Балалардың цифрлық әлемдегі қауіпсіздігін бірге қамтамасыз етейік!

