«ЭКО-қиял»
26.06.2026
«ЭКО-қиял» шығармашылық жұмысы.
«Таза Қазақстан» акциясын іске асыру және табиғатқа ұқыпты қарым-қатынас қалыптастыру аясында тәрбиеленушілер қалдық материалдан шығармашылық жұмыс жасады. Кәдімгі жұмыртқа науасы жаңа өмірге ие болып, әдемі қолөнер бұйымына айналды.
Мұндай іс-әрекет балалардың шығармашылық қабілеттерін, қиялын және экологиялық мәдениетін дамытуға ықпал етеді, қажетсіз заттарды пайдалы іске жаратуға болатынын көрсетеді. Қалдық материалдардан бұйым жасау қызықты, пайдалы әрі өте тартымды!
Тәрбиеші: Корчагина О. С. 🌿♻️✨





