көңілді жел
26.06.2026
Біздің алаңдағы жел – жиі келетін қонақ. Тәрбиеленушілер онымен бірге ойнап, бақылау жүргізіп, қызықты тәжірибелер жасайды. Таспалар мен желбағарлардың көмегімен балалар желдің күшін, бағытын анықтауды, оның жылы немесе суық екенін ажыратуды үйренеді.
Мұндай бақылаулар қоршаған орта туралы түсініктерін кеңейтіп, табиғат құбылыстарына деген қызығушылықтары мен танымдық белсенділіктерін дамытады.
Тәрбиеші: Леглер Н. В.

