«Адамдарға көмектесетін мамандықтар»
02.07.2026
«Заң және тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында Білгірлер клубы форматында «Адамдарға көмектесетін мамандықтар» атты сюжеттік-рөлдік ойын ұйымдастырылды.
Ойын барысында тәрбиеленушілер қоғам өмірінде маңызды рөл атқаратын мамандықтармен танысты. Ойын тапсырмаларын орындау арқылы балалардың қарым-қатынас жасау дағдылары, қиялы дамып, сөздік қоры молайды және бір-бірімен ынтымақтаса әрекет етуге үйренді.
Сюжеттік-рөлдік ойындар ересектердің еңбегіне деген құрметті қалыптастырып, танымдық қызығушылықты дамытады және балалардың шығармашылық бастамаларын қолдайды.
Тәрбиеші: Леглер Н. В.

