«Менің достарым» музыкалық тренингі
11.07.2026
«Адал азамат» бағдарламасын іске асыру аясында достық қарым-қатынасты, өзара құрмет пен коммуникативтік дағдыларды дамытуға бағытталған «Менің достарым» музыкалық тренингі өткізілді. Іс-шара барысында тәрбиеленушілер музыкалық ойындарға қатысып, ойын тапсырмаларын орындады, бір-бірімен ынтымақтастықта әрекет етуге, мейірімділік, қамқорлық және өзара көмек көрсетуге үйренді. Іс-шара балалардың жалпыадамзаттық құндылықтарын қалыптастыруға, ұжымдағы достық ахуалды нығайтуға және жағымды көңіл күй қалыптастыруға ықпал етті.Музыка жетекшісі: Хагазбек М.


