«Көңілді шарлар»
05.08.2026
Балабақшамызда жаз мезгілі көңілді, жарқын әрі қызықты өтуде! Әр күніміз ойындарға, шығармашылыққа және жаңа әсерлерге толы.
«Көңілді шарлар» байқауы барысында балалар әуе шарларына қызыға сурет салып, өздерінің қиялы мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті. Сонымен қатар балалар әуе шарларымен көңілді ойындарға қатысып, көтеріңкі көңіл күй мен жарқын әсер алды. Бұл ойындар олардың ептілігін, қимыл-қозғалыс үйлесімділігін және бірлесіп әрекет ету дағдыларын дамытуға ықпал етті. Тәрбиешілер: Иманова А. Н., Прокофьева Н. В.




