«Нан – бәрінің басы»
11.08.2026
Нан – өмірдің, еңбектің және берекенің белгісі. Ежелден халқымыз нанды ерекше құрметтеп, қастерлеген.
Балабақшамызда «Нан – бәрінің басы» атты музыкалық ойын-сауық өтті. Балалар нанның дәннен дастарқанға дейінгі жолымен танысып, музыкалық ойындарға қатысып, ән айтып, би билеп, нан туралы мақал-мәтелдерді еске түсірді. Іс-шара балалардың нанды қадірлеуге және оны өсіріп, дайындайтын адамдардың еңбегін құрметтеуге тәрбиелеуге ықпал етті. Музыка жетекшісі: Галковская О. В.




