«Таза Қазақстан»
20.09.2026
Республикалық «Таза Қазақстан» айлығы аясында №5 «Еркетай» балабақшасының қызметкерлері «Сибирь» сауда орталығының маңындағы аумақты тазалауға қатысты. Бірлескен күш-жігерімізбен қаламызды абаттандыруға және қоршаған ортаның тазалығын сақтауға өз үлесімізді қостық.

Республикалық «Таза Қазақстан» айлығы аясында №8 топта балалардың экологиялық тәрбиесіне бағытталған іс-шара өткізілді.Тәрбиеленушілер педагогтермен бірге табиғатқа, тазалыққа және қоршаған ортаға ұқыпты қарау дағдыларын бекітті.Іс-шара «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарын қалыптастыруға, балаларды жауапкершілікке, еңбекқорлыққа және туған жерін сүюге тәрбиелеуге бағытталды.Тәрбиеші: Гончарова И. П.


