Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының «Еркетай» №5 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына


Балалар мен олардың ата-аналарына арналған Сенім телефондары:
111 (Республикалық сенім телефоны),
903152 (Ақмола облысы бойынша білім басқармасының сенім телефоны),),
8(71645)-6-35-14 (Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі);
8(71645)7-90-56 ("№5 «Еркетай» балабақшасы МКҚК)

Ұйымдар тізімі
20.09.2026
«Адал азамат» бағдарламасы аясында №10 мектепалды даярлық тобында қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған ойындар ұйымдастырылды.Ойын барысында балалар нақты өмірлік қажеттіліктерді қалаулардан ажыратуды, басымдықтарды белгілеуді және саналы таңдау жасауды үйренді. «Тауар», «баға», «дүкен», «ақша» ұғымдарымен танысып, дүкеннен алынған тауарлар үшін ақы төлеу қажеттігін түсінді.Балалар сатып алуды жоспарлауға, қажетті заттарды таңдауға және жинақ жасау дағдыларын қалыптастыруға үйренді.Тәрбиешілер: Иманова А.Н., Соловьева И.Н.




«Адал азамат» бағдарламасы аясында №2 топта қаржылық сауаттылық бойынша ойын ұйымдастырылды. Балалар қажеттілік пен қалауды ажыратуды, сатып алуды жоспарлауды және саналы таңдау жасауды үйренді. Тәрбиеші: Сатан А.

«Адал азамат» бағдарламасы аясында №3 «Жұлдыз» тобында қаржылық сауаттылықты қалыптастыруға бағытталған ойын ұйымдастырылды.Ойын барысында балалар қажеттілік пен қалауды ажыратуды, ақшаны дұрыс пайдалануды, сатып алуды жоспарлауды және саналы таңдау жасауды үйренді. Балалар дүкенде сатып алушы мен сатушы рөлдерін сомдап, қызықты ойын арқылы қаржылық сауаттылық туралы алғашқы түсініктерін қалыптастырды.Тәрбиеші: Жиенбаева Ш.К.
«Адал азамат» бағдарламасы аясында №6 топта «Баланың әмияны» дидактикалық ойыны өткізілді.
Балалар «ақша», «баға», «сатып алу», «қымбат», «арзан» ұғымдарымен танысып, қалаулар мен қажетті заттарды ажыратуды, берілген баға бойынша тауар таңдауды және ақшаға ұқыпты қарауды үйренді.Тәрбиеші: Сайфиева В.В.


мекен-жайы: Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 6 шағын аудан, 5 ғимарат
байланыс телефоны: 7-45-77 (меңгерушісі), 7-44-58 (медбике)

