Таза Қазақстан
30.09.2026
«Таза Қазақстан» – таза орта, жарқын болашақ!Республикалық «Таза Қазақстан» айлығы аясында №3 «Жұлдыз» тобының тәрбиеленушілері мен ата-аналары тазалық пен абаттандыруға бағытталған іс-шараға белсене қатысты.Іс-шара барысында балалар қоршаған ортаны таза ұстаудың маңызын түсініп, табиғатқа ұқыпты қарау, тазалықты сақтау және еңбек ету дағдыларын қалыптастырды.Осындай бірлескен жұмыстар балаларды жауапкершілікке, еңбекқорлыққа, ұқыптылыққа және туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге ықпал етеді.Іс-шара «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтарын дәріптеп, балалардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға бағытталды.
Тәрбиеші: Жиенбаева Ш.К.

