«Дублёр күні
06.10.2026
Біздің балабақшада «Дублёр күні» өтті!Тәрбиеленушілер балабақшадағы түрлі мамандықтармен жақынырақ танысып, қызметкерлердің еңбегі туралы көбірек білді және әртүрлі рөлдерді өздері атқарып көрді.Балалар тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, әр мамандықтың ерекшеліктерімен танысып, балабақшаның үлкен ұжымының бір бөлігі екенін сезінді.Барша білім беру саласының қызметкерлерін мерекемен құттықтаймыз!Сіздерге шығармашылық шабыт, қуаныш және балалардың шат күлкісін тілейміз!

