«Қоғамға қызмет ету»
19.10.2026
«Адал азамат» бағдарламасы мен «Қамқор» жобасының «Қоғамға қызмет ету» бағытын жүзеге асыру аясында Дамирдің, Мияның және Алидің отбасылары волонтерлік қызметке қатысты.Отбасылар қолдауға мұқтаж жанұяға барып, мейірімділік пен қамқорлық танытты. Олар азық-түлік себеті мен қажетті заттарды табыстап, нақты көмек көрсетіп қана қоймай, жүрек жылуын да сыйлады.Осындай игі істер балаларды мейірімділікке, жанашырлыққа және өзгелерге қол ұшын созуға тәрбиелейді. Өйткені кішкентай ғана жақсылықтың өзі көмекке мұқтаж жандар үшін үлкен қолдау бола алады.Балалармен бірге жақсылық жасау — мейірімді жүрек тәрбиелеу!Тәрбиешілер: Прокофьева Н. В., Ильина В. И.


