«Таза Қазақстан»
22.10.2026
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында №2 топта су ресурстарына ұқыпты қарауды қалыптастыруға бағытталған «Мөлдір бұлақ» іс-шарасы өткізілді.Іс-шара барысында балалар су айдындарын таза ұстаудың, су көздерін ластамаудың және суды үнемдеп пайдаланудың маңыздылығы туралы түсінік алды.Тәрбиеші: Сатан А.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында №6 топта «Мөлдір бұлақ» тақырыбында жапсыру және сурет салу бойынша шығармашылық іс-әрекет ұйымдастырылды. Сонымен қатар «Өзенді құтқарайық» ойыны өткізілді. Іс-әрекет барысында балалар су ресурстарына ұқыпты қарау туралы түсініктерін кеңейтіп, су айдындарына қоқыс тастауға болмайтынын түсінді.Тәрбиеші: Сайфиева В. В.


«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясының «Өнегелі ұрпақ» бағыты аясында №10 топта балалар мен ата-аналарға арналған экологиялық тәрбие сағаттары мен челлендждер ұйымдастырылды.Іс-шаралар табиғатты қорғауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға және қоршаған ортаға ұқыпты қарауға тәрбиелеуге бағытталған. Тәрбиеші: Соловьева И. Н.
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында №8 топта «Шетен ағашы» атты экологиялық ертегі ұйымдастырылды. Ертегінің мақсаты – балалардың табиғатқа деген қамқор қарым-қатынасын қалыптастыру, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелеу және экологиялық мәдениетін дамыту. Тәрбиеші: Гончарова И. П.




«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында №5 топта «Киелі мекен» тақырыбында балалардың Қазақстанның тарихи-мәдени ескерткіштері мен киелі орындары туралы түсініктерін қалыптастыруға бағытталған танымдық іс-әрекет ұйымдастырылды. Іс-әрекет барысында балалар тарихи-мәдени нысандардың маңызымен танысып, оларға ұқыпты қараудың және айналасындағы аумақтың тазалығын сақтаудың маңыздылығын түсінді. Тәрбиеші: Альжанова Г. А.


