«Ұлттық ойындар алаңы»
22.10.2026
Қазақстан Республикасының Республика күніне арналған «Менің Қазақстаным» іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру аясында балалар қазақтың ұлттық ойындарымен танысқан «Ұлттық ойындар алаңы» ұйымдастырылды.Ұлттық ойындарға қатысу балалардың ұлттық дәстүрлерге деген қызығушылығын арттыруға, өзара қарым-қатынас жасау және ұйымшылдық дағдыларын қалыптастыруға, сондай-ақ әділдік сияқты құндылықтарды бойына сіңіруге ықпал етті. Дене шынықтыру нұсқаушысы: Сапегина С. В.

