Ақмола облысы білім басқармасының Степногорск қаласы бойынша білім бөлімінің жанындағы Степногорск қаласының «Еркетай» №5 балабақшасы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына

 

Біз әлеуметтік желілердеміз

       

Балалар мен олардың ата-аналарына арналған Сенім телефондары:

111 (Республикалық сенім телефоны),

903152 (Ақмола облысы бойынша білім басқармасының сенім телефоны),),

8(71645)-6-35-14 (Степногорск қаласы бойынша білім бөлімі);

8(71645)7-90-56 ("№5 «Еркетай» балабақшасы МКҚК)


«    Қараша 2024    »    
ДсCcБрСрЖмСбЖк
 
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
22
23
24
25
26
27
28
29
30
 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Степногорск қаласының білім бөлімі жанындағы МКҚК №5 «Еркетай » балабақшасының педагогикалық кеңесі туралы қағида

Степногорск қаласының білім бөлімі жанындағы МКҚК №5 «Еркетай » балабақшасының педагогикалық кеңесі туралы қағида

                                                1. Жалпы ережелер

  1.1.Мектепке дейінгі пұйымының едагогикалық кеңестік қызметінің және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесі (бұдан әрі - Ереже) 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына сәйкес мектепке дейінгі тәрбие және оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта және қосымшабілім беру ұйымдарының педагогикалық кеңес қызметінің тәртібін айқындайды да, 2008 жылғы 16 мамырдағы № 272 Қазақстан Республикасының білім мен ғылым Министрінің міндетін орындаушының бұйрығымен бекітілді

      2.2.Білім беру ұйымдарының  педагогикалық кеңесі (бұдан әрі – Педагогикалық кеңес) білім беру ұйымдарын алқалы басқару нысандарының бірі болып табылады.

      3.3. Педагогикалық кеңестің басты міндеттері: білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі педагогикалық ұжымның күшін біріктіру, білім беру ұйымдарының педагогикалық ұжымының қызметін педагогикалық жұмысты және оқу-тәрбие жұмыстарын жетілдіруге бағыттау, педагогикалық ғылым мен озық тәжірибелер жетістіктерін практикағаенгізу, білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) ауысуына және бітіріп шығуына қатысты мәселелерд ішешу болып табылады.

                                                              2. Педагогикалық кеңестің құрамы                                        

      2.1.Педагогикалық кеңестің құрамына: білім беру ұйымының басшысы (төраға), оның орынбасарлары, педагогтар, тәрбиешілер, психолог, медициналық бике  кіреді.

      2.2. Педагогикалық кеңестің отырысына ұйым басшының  белгілеуі боынша ата-аналар комитеттерінің мүшелері шақырылады.

      2.3.Педагогикалық кеңестің құрамы оқу жылына білім беру ұйымының басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      2.4.Педагогикалық кеңестің құрамынан 1 жылдық мерзімге хатшы сайлайды.                

                                            3. Педагогикалық кеңестің қызмет тәртібі

      3.1. Педагогикалық кеңес:

      1) білім беру ұйымдарында нормативтік құқықты қактілерді орындау жөніндегі іс-шараларды;

      2) оқу-тәрбие және әдістемелік жұмыстар жағдайын, оқытудың барлық нысандары бойынша оқыту әдістерін жетілдіру мәселелерін, оқытудың жаңа технологияларын ендіруді;

      3) оқу-тәрбие жұмыстарын жоспарлау мәселелерін;

      4) қорытынды аттестаттауды өткізу мәселелерін

      5) педагогтардың оқу жүктемесін бөлу, тарификацияны бекіту, аттестаттауға дайындау, марапаттау және мадақтау мәселелерін қарайды.

      3.2.Педагогикалық кеңестің жұмысы оқу жылына әзірленетін педагогикалық кеңес отырысында қаралатын және білім беру ұйымының басшысы бекітетін жұмыс жоспары бойынша жүргізіледі.

3.3. Педагогикалық кеңесжылына 5 реттен кем емес жиналады

3.4. Педагогикалық кеңес отырысында талқыланатын мәселелер бойынша орындау мерзімі және орындауға жауапты тұлға көрсетілген қаулы шығарады. Кеңестің кезекті отырысында төраға өткен педагогикалық кеңес шешімінің орындалу нәтижесі туралы баяндайды.

 3.5. Педагогикалық кеңестің шешімі қарапайым жай дауыс берумен қабылданады. Дауыс тең болған жағдайда төраға дауыс берген шешім қабылданған болып есептеледі.

3.6. Педагогикалық кеңестің отырысы хаттамамен ресімделіп, оған педагогикалық кеңеске шығарылатын мәселелердің талқылану барысы, педагогикалық кеңес мүшелерінің ұсыныстары және ескертулері жазылады. Хаттамаға кеңестің төрағасы мен хатшысы қол қояды.

 3.7. Педагогикалық кеңестің хаттама кітапшасының әрбір беті нөмірленген, жіппен тігілген, білім беру ұйымының мөрімен және меңгерушінің қолымен бекітілген болуы керек.

   3.8. Ұйымның педагогикалық кеңесінің хаттама кітапшасы білім беру ұйымның істерінде 10 жыл сақталады және акті бойынша архивке беріледі.

                                    

Жаңартылған күні: 15.03.2019 13:18
Құрылған күні: 02.10.2023 10:55

                 мекен-жайы: Ақмола облысы, Степногорск қаласы, 6 шағын аудан, 5 ғимарат

                 байланыс телефоны: 7-45-77 (меңгерушісі),  7-44-58 (медбике)

 

 

Текст